БАСҚА

lat: BASQA

с ы н. 1. Екінші бір, бөлек, бөтен, өзге.

Әсіресе, Сайрам, Түркістан, Әулиеата, Созақ сияқты қалаларда көптеген мешіттер, медреселер, керуен-сарайлар және басқа да мәдени орындар пайда бола бастады (Зиярат орындар). Солайша жауап берді Қалқаманға Бұл сөзі байқалмады басқажанға. Бүрсігүні қамыстан жолықпасаң, Мен саған жоқ деді ғой, байқағанға (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Ай аспан денелерінің ішіндегі Жерге ең жақын тұратыны. Сондықтан басқа аспан денелеріне қарағанда Айдың беті, оның қозғалысы және физикалық қасиеті жақсырақ зерттеліп жүр (М.Құдайқұлов, Ғылым.).

2. Ерекше, айрықша, жөнi бөлек. Музыка жанрындағы ipi шығармалардың жөні басқа (І.Омаров, Серпін).

Жалмұраттың үкі жүні желкілдеген, сүтті сары інген дегенде жаны басқа (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).

Мысалы, баланың әсерленуі, суреттеуі, ойлауы һәм сезінуі ержеткен адамнан әжептеуірбасқа Баланың бұл жан көріністерінің әрқайсысының жеке-жеке алғанда басқалығы болған сықылды, бұлардың бәрін тұтас алғанда да баскалық бар (М.Жұмабаев, Шығ.).