БАСҚАРУШЫ

lat: BASQARÝSHY

з а т. Бір іске, мекемеге, шараға басшылық етуші, жетекші.

Мығым денелі жас жігіт қолын созып, жиналыс басқарушыдан рұқсат алды да, орнынан атып тұрды (Б.Қыдырбекұлы, Шығ.).

Губерниялық соттың қылмыс бөлімін басқарушы Жалмағамбет дейтін жігіт тауқұдірет тұмсықтанған, қызыл шырайлы, тісінің бәрін алтынмен қаптаған, күлкішіл, кісіге жағымпаз адам болатын (Б.Майлин, Азамат.).

Жау басынар халықты,

Басқарушы оңбаса.

Малша айдап адамды,

Орынсыз күштеп зорласа.

Ауға түскен балықтай,

Шыға алмасаң бұлқынып,

Әділетшің болмаса (Сүйінбай ақын [Аронұлы], Ақиық).

Ресей және КСРО территориясында 1923-1929 жылдар аралығында ауылдық жерлердегі уездік әкімшілікк бөлініс, сондай-ақ жергілікті болыстың әкімі,басқарушы волосной, волостной, волосной, ауылнай, комитет, жаңа би сайлаған соң, бұрынғы волос, би, ауылнай жоқ болсын деді (Ә.Бөкейханов, Шығ.).

Директор аспай-саспай жайынша түсіндіріп: - Сендерге берілетін ақшаның сомасын көрсетіп, ic басқарушыға тапсырғам, - деді (І.Жансүгіров, Әңгім.). Электрондық есептегіш мәшиненi адам миымен салыстырғандағы бір себеп: мәшиненiң басқарушы жабдықтары мидың кейбір функцияларын орындайды (О.Жәутіков, Жаратылыстану.).