БАСҚАРМА

lat: BASQARMA

з а т. 1 . Мемлекеттік атқару және билік жүргізу органдарының құрамындағы әкімшілік бөлімше.

Басқарма шешетін мәселелер шеңбері жағдайымен шектелген. Басқарманың өз құзыреті шеңберінде қабылдайтын шешімдері бухгалтерияда шаруашылық операцияларды жүргізу үшін негіз болып табылады (Қаз. тілі термин. Экономика.).

Ол оқу бітірісімен Архив басқармасына қызметке орналасты («Қазақст. әйелдерi»).

2.   Кәсіпорынның, ұйымның қызметте алқа түрінде басшылық жасайтын, белгілі бір мерзімге сайланатын орган. Осы колхоздың басқарма ағасы Махсұт деген ұзын бойлы, таңқы мұрын қара жігіт.Шалабаев, Өмірде.).

3.с ө й л. Осы мекемені басқаратын ұжым басшылары, ұйымның басқарушы мүшелері. Кеше Жиенбай басқармаға арыз әкеліп берді.Майлин, Шығ.). Сәндібек мойнын жұтына созып басқармаға кимелеп қызу сөйлеп тұр.Ахтанов, Махаббат.).

Осыны ерте тапсырмай,

Берді жаңа басқарма

Жер жыртумен қарбалас, істі бұлай бастар ма? (І.Жансүгіров, Шығ.).

Кеңес өкіметі кезінде құрылған ұжымдық шаруашылықтар басқармасының төрағасын халық басқарма деп атаған (ҚҰЭ).