БАСҚАРТ

lat: BASQART

е т. Өзгерту, басқа ету.

- Солар үшін тіліңізді өзгертіп, түріңізді басқартып, кейде көпшіліккке ұғымсыз жағдайларға жырақтап барудың қажеті бар ма? - деді күле сөйлеп, осындайда әкесіне бар ойы мен сезімін батыл айтатын әдетіне басты. Бірақ сондайдағы және бір қалыптанып келе жатқан дағдысы бойынша әкесінің ажарын, өңі-түсін аңыстай отырып, күліп айтады. Абай баласының майдалап айтса да, туралап сынап отырған әзілқойлық ажарына жұмсақ қарап, қоса күлді (М.Әуезов, Шығ.).