БАСҚЫШ

lat: BASQYSH

з а т. т е х. Қайсыбір процесті басатын, күшін, уытын қайтарып, бәсеңдететін реагент не препарат.

Флотациялау процесінде белгілі бір минералдардың көбікке шығуын азайтатын флотациялық реагенттер басқыш ретінде пайдаланылады (Қаз. тілі термин. Кен.).

Қазақ ССР Ғылым академиясының Таукен істері институтының қызметкерлері бульдозермен аршу жұмыстарын атқару кезінде шаң шықпас үшін көбік түзгіш заттарды пайдаланатын шаң басқыш гидроқондырғы жасап шығарды (Т.Қалыбеков, Экология.).