lat: BASSHYSYZ
с ы н. Басшысы жоқ, басқарусыз.
Еламан мен Кәленнің көзiн құртса да, бұл ауыл басшысыз қалмапты (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең).
Онда елдің басшысыз болғаны ма? Жоқ, ең болмаса, ана адвокат Көкеннің пiкiрiн білу керек [дейдi мұғалiм] (М.Әуезов, Таңд. шығ.).
Аққусыз көл - жетім, басшысыз ел - жетім (Мақал-мәтел).