БАСТАУЫШ

lat: BASTAÝYSH

сөйлемде берілген ойдың, болмыстың, əрекеттің иесін білдіретін тұрлаулы мүше. А.Байтұрсынұлы шығарған тілтанулық термин. «Тіл-құралда» бастауыштың жасалуының он түрлі жолы көрсетіледі, бастауыш зат есімнен, сын есімнен, сан есімнен, есімдіктен, етістіктен, үстеуден, демеуден, жалғаулықтан, одағайдан, бүтін сөйлемнен жасалады. Бұл сөздердің бастауыш болуының шарты мағыналық-қызметтік жағынан (мұны «ішкі белгі» деп атайды) заттанып тұруы қажет, бастауыштың сұрағына (мұны «сыртқы белгі» деп атайды) жауап беруі қажет.