БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТТЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІГІ

lat: BASTAÝYSH KÁSİPODAQ UIYMDARY KÁSİPODAQ KOMITETTERİNİŃ ÓKİLETTİGİ

бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ комитеттерінің өкілеттігі «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңымен, кәсіптік одақтардың жарғыларымен, еңбек ұжымдарының шешімдерімен, ұжымдық шарттармен (егер комитетке еңбек ұжымы өз мүдделерін білдіруге уәкілдік берген болса), кәсіптік одақтардың және олардың комитеттерінің кәсіпорын әкімшілігімен немесе мемлекеттік емес кәсіпорынның меншік иесімен жасаған келісімдерімен белгіленеді. Егер заңдарда өзгеше көзделмесе, әкімшіліктің бастамасымен еңбек шартын бұзу тиісті кәсіподақ комитетінің келісімімен ғана жүргізілуі мүмкін. Кәсіподақ комитетінің еңбек шартын бұзуға келісім беруден бас тарту туралы қаулысына әкімшілік ол қабылданғаннан күннен бастап он күн мерзімде сотқа шағым бере алады («Кәсіптік одақтар туралы» 1993 жылғы 9 сәуірдегі ҚРЗ 20-бап)