lat: BASTALÝ
Бастал етістігінің қимыл атауы.
1. Шараның іске қосылуы, қолға алынуы.
Бұрынғыдай емес, дүбірі алты ай қыс бойы толастамаған биылғы біріншіліктің басталуын еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін асыға күтті («Жас Алаш»).
Елбасының өз идеясы негізінде бой көтеретін құрылыс келесі жылы басталуға тиіс («Қаз. әдеб.»).
2. Процестің немесе табиғат құбылыстарының алғашқы кезеңінің өтуi. Көктем күндерінің ыбылыңқы-сыбылыңқы басталуынан мезі болған («Қаз. әдеб.»).