lat: BASTAMASHYLDYQ
з а т. 1. Бастамашыл болушылық. Жаһанданудың шапшаңдық заңы уақытты ақшадан да құндырақ етіп жіберген шақта бастамашылдықтың атқаратын рөлі зор («Егемен Қазақстан»).
Адамдардың ауқымды мәселелерде де, шағын істерде де бастамашылдыққа құштарлығын оятса, ол адам бойындағы табиғи қабілеттілік көздерінің талайын ашып берер еді («Егемен Қазақстан»).
Қазақстан лидерінің бастамашылдығымен өткен жылы Алматыда болған Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңес сияқты басқосулар, ең алдымен, бейбіт өмірге, саяси келісім мен тұрақтылыққа қызмет етеді («Егемен Қазақстан»).
2. п с и х. <франц. initiative> і с-әрекеттің жаңа түріне ішкі түрткі, қандай да бір іске бастаушылық рөл. Бастамашылдық адамдардың ерікті әрекетінде, еңбекке деген шығармашылық көзқарасында және тәртiптiң қалыптасқан амалдарында көрiнiс бередi (Қаз. тiлi термин. Педагогика.).
Бастамашылдық моральдық мағынада жалпы қабылданған нормаларды қарапайым сақтаудан гөрi өзiне зор жауапкершілік жүктейдi (Қаз. тiлi термин. Педагогика.).