БАСТАМАШЫЛЫҚ

lat: BASTAMASHYLYQ

з а т. 1. Iс-әрекеттегi алғашқылық, бiрiншiлiк.

Солтүстік Атлантика альянсы кейінгі жылдары бұл iсте де бастамашылық танытуда («Егемен Қазақстан»).

Оппозициялық күштердiң, тiптi түрлi деңгейдегi депутаттардың бiр бөлiгiнiң тарапынан өзiн-өзi таратуға жергiлiктi жерлердегi атқарушы билiктiң өздерi бастамашылық жасады («Егемен Қазақстан»).

2. Белсенділік, 6ір нәрсені бастауға ынталы болушылық.

Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзiне қабылдаған тұлғаның Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы бастамашылық жасауға құқығы жоқ (ҚР Конституциясы).

Оның кемшілігі жеке белсендiлiкке, бастамашылыққа ешқандай мүмкіндіктің болмайтындығында, жеке адамның қауым ішінде көрiнбей кететiндiгiнде («Егемен Қазақстан»).