lat: BASTYQ1
з а т. 1. Белгілі бiр мекемені басқаратын немесе меңгеретін лауазымды тұлға.
Бастықтың қол астындағыларға бұйрық беруге және оның орындалуын тексеруге құқығы бар (Қаз. тілі термин. Әскери.).
Жиылыс тараған соң ақ құбаша хатшы күткен адамдарды бастыққа жібере бастады (і.Жансүгіров, Шығ.).
Шеттегі отардың малшы әйелі қатты науқастанып қалған екен, соған жәрдем етуді сұрап, отар бастығы қол қойыпты (Ғ.Сланов, Очерк.).
Мынау бір үлкен көк үйде Баяғы бастық тұрады, Есімі жүрсін көңіліңде, Біз білген аты - Нұралы (Т.Молдағалиев, Алатау.).
2. ж а ғ ы м с ы з. Бастаушы, жетекшi, ұйымдастырушы. Сол полицияның тағы да бір начальнигі Красовский Юшчинскийді өлтірген еврей емес, ұрылардың бастығы Чиберак деген қатын деп, соның ізіне түскен Красовский де сотқа тартылған.
Тағы да осы істің анығын іздеуші Қараев дегенді Киевтен жер аударған (М.Дулатов, Шығ.).
Тырнадан бастық қойсаң, төбеңнен қиқу кетпес (Мақал-мәтел).
Басыңнан нұқып жөнге салғысы келетiн ноғайлар бастық екен де, басыңнан сипап та жол көрсетуге сабырлары жететін сырбаз сабаздар нағыз басшы екен («Егемен Қазақстан»).