БАСТЫРУ

lat: BASTYRÝ

Бастыр етістігінің қимыл атауы.

1. Орылған егіннің дәнін сабағынан ажырату.


Ендігі бір сүргелең - комбайн әкеп дерменені бастыру, оны қаптап Арыстағы қабылдау пунктіне жөнелту (Д.Исабеков, Тіршілік).

2. Бiр нәрсеге жапсырып тігу, тағу. Жиекті сырмақ - киізді кесіп оюламай-ақ бір түсті киіздің бетіне әр түсті жиек бастыру арқылы өрнектелген сырмақ (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).

3. Жазылған шығарманы баспадан шығару. «Айқаптың» 18-нөмірінде «Манапты» кітап қылып бастыру талабы да барлығын айтып оқушылардан мәслихат сұраған (М.Дулатов, Шығ.).

Қазақ тілінде кітап бастыру жұмысы Х1Х ғасырдың басында қолға алынса да, алғашқы кезде ол аса мардымады (Б.Кенжебаев, Қаз. дем. жазушы.). Кәкітайдың бастыруы, Абайдың көп өлеңін бүкіл Қазақстан өлкесіне таратуға себеп болғаны рас (М.Әуезов, Әр жыл.).