БАСЫМ

lat: BASYM

с ы н. 1. Екiншi бiр заттан артық, мол, көп.

Халык қамын жеп өткен Асан Қайғының өмірінің басым бөлігі қазақтар мен қырғыздардың жарқын болашағы үшін жерұйық жер іздеумен өтті делінеді (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.).

Шыжыған ыстықтан ызыңдаған бүгелектің қинауы басым (Ғ.Мұстафин, Көз көрген).

2. Үстем, күштi, мығым. Менің табиғатым нені қалайды? Ындыным нені сүйеді? Ішімдегі дауысым мені қайда шақырады? Менгің мендігімді сыртқа шығаратын ең басым, күшті ыңғайым, талабым қайсы? Сол дауыстың айтқанына жүруім керек (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Жау күші бізден әлденеше есе басым. Бірақ бой тасалап, қарап отыруға болмайды (Қ.Ертаев, Түгіскен.).

Қоспан Қасболаттың сөзiн тыңдаған сайын қирап қалган еш нәрсе жоқ, нағыз жұттан гөрi жұтап қалдық деген қауесет басым сияқты (Т.Ахтанов, Дала сыры). Сол түні батальондар өзеннен өтіп үлгергенше, өзінен әлдеқайда басым күшпен кескілесе шайқасып, алтыншы ротаның үштен бiрi саптан шықты (Ж.Тiлеков, От кешу).