БАСЫМДАУ

lat: BASYMDAÝ

с ы н. Салмақтылау, үстемдеу, күштілеу. ..

Әр айқаста түрiкпен жігіттің күшi басымдау түсіп, Қалауды ұрып жыға жаздапты (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең).

Бұндай ретте Күміс күйеуiнiң бетiне күдiгi басымдау сүйіспендікпен жымияды (Д.Әбілев, Ақын.).

Әйел заты ма, әлде Өржанның далбаса күйi жүрегiн ауыртты ма, аналық мейiрi тiзгiн алған секілді. Мұндайда бiр сәтке ақ-қараның ара салмағын таразылаудан гөрi бәйек көңіл басымдау жататыны бар (Т.Иманбеков, Үлкен үй).