lat: BASYMDA
ет.Үстем болу,күшею.
Бұл өзi жылқының бiр үйiрiн ауылға айдап келсе, ауыл шаң-шұң айғай, Сәлменнің боқтығы басымдап тұр екен (М.Әуезов, Қараш.). Әй! Әй, қайдасың? Берi кел! - деп, барған сайын басымдап сөйлеп, әлгі көтере алмай тұрған ұяттың ауыр салмағы да жеңілдеп-ақ сала бердi (Ә.Нұрпейiсов, Күткен күн). Қалың айғай басымдап шығады (М.Әуезов, Абай жолы).