БАТА

lat: BATA

<i>з а т. 1. э т н. Маңызды іс бастарда, бастаған іс нәтижелі аяқталғанда және т.б. өзіндік шартымен, рәсімімен орындалатын тілек айтудың ерекше формасы ретіндегі қазақ халқының ұлттық этикеті көрінісінің, салт- дәстүрінің біріата бергенде дәм-тұздың болуы шарт; батаны, әдетте, ел-жұртқа сыйлы, ағайын арасында беделдi, жолы үлкен адам береді].i>

Ел ішінде мазмұны терең, таным-тәрбиелік мәні бар, тіл көркемдік ерекше баталардың небір әдемі үлгілерін кездестіруге болады (Бата- тілектер).

Ас бергенге ас берсін,

Өмірі ұзақ жас берсін.

Кетпес дәулет, кең пейіл,

Қайырымды дос берсін, - деп айтылған байырғы бата жақсы тілек, адал ниетті аңғартады (Н.Уәлиұлы, Құрастырушыдан // Бата-тілектер).

Хақ тағала қабыл еткей Менің бұл батамның бәрісін! Бір жасаған Құдайым, бермесін басқа уайым (Бата- тілектер).

Менің берген бұл батам - Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батамата-тілектер).

Екіншіден, ұлттық болмысымыздың ажырамас атрибуттары тілек, бата ниетінің формалары ретінде қарастырылады. «Ниет табиғатында ізгі тілек жатыр» деген ғалымның пікірімен келісуге болады («Түркістан»).

2. д i н и. Құранның бірінші сүресі - Фатиханың өзгеріске ұшыраған атымен аталатын, өзіндік рәсімі бар Аллаға құлшылық етудің бір түрі [Құран сүрелері, дұға оқылған соң екі қолдың алақанын жайып, тілек сөздерден кейін алақанымен бет сипау қимылдарын орындау түрінде рәсімделеді]. Намаздың батасы. Тауарық намаздың батасы.

3. д i н и. Өлген адамға бағышталып оқылатын Құран сүрелері, дұғадан кейін айтылатын тілек рәсімі. Сондай- ақ зират басында оқылатын дұғадан соң да айтылатын бата бар. Дұға оқушы өлгенге иман, тіріге берекет тілеп, бет сипап бата жасайды (Н.Уәлиұлы, Құрастырушыдан // Бата-тілектер).

Ол құбылаға бетін беріп, жүгініп отырып қалып, күбірлеп бата етті де, бетін сипап түрегелді (Ғ.Сланов, Жанартау).

Бұндағы туыстардың кімі өлі, кімі тірісін білі, өліге бата, тіріге сәлем беруге келдім [Төлебай Айсарыға] (С.Мұқанов, Шығ.).

4. э т н. Некелесуші жақтар, туыстар арасындағы құдалықты растайтын, тиісті рәсіммен бекітілген бәтуаластық келісім. Бір айдан соң батасы қырық жетінің малы, екі жүз теңге ақшаға келісіп, Байжан келіп құда түсті (М.Дулатов, Шығ.).