БАТА

lat: BATA

игі тілек, сөздің сиқырлы күшіне сенімділікті ұялатады. Кез-келген той, іс, жол сапары бата берумен басталып, сонымен аяқталады. Батаны жасы үлкен ерекше сыйлы адамдар жасайды. Бата түрлері: тілек бата – өсіп келе жатқан ұрпаққа (балаларға, жастарға) арналады; ақ бата немесе бата сөз – ұстаздың өз шәкіртіне айтатын тілегі. Әсіресе, халық алдында бата алу жаңадан іске кіріскен билердің, шешендердің, жыраулардың, ақындардың, күйшілер мен әншілердің кәсіптік шеберлік дәрежесін көтере түседі.