lat: BATSAIY
з а т. Қалың жібек кездеме.
Басында айналасын құндызбен көмкеріп, төбесіне үкі таққан батсайы бөрік, қызыл бөрік (Ө.Канахин, Жас дәурен).
Өз арманын орындап, кедей үйден шыққан қалыңдығын алдымен батсайы жібекке малынта киіндірді (С.Елубаев, Жарық дүние).
Онда теңбіл ақ шыт көйлегі бар балағының аузын қарала батсайымен көмкерген қызылсаң дамбалы бар, айдары селтиген, жалаң аяқ жүгіріп жүретін сүйкімді қыз еді (Ж.Аймауытов, Шығ.)