БАТЫР

lat: BATYR

(пар. баһадүр بهادر) қаһарман, батыр.

Оңалды сау кісідей һәммалары, Шетінен батыр , палуан текті бәрі («Қисса Зияда, Шаһмұрат». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).

Қобландыдай батырдың , Қабыл болды тәубесі («Қобланды батыр». Ақсауыт. І том. 1977).

Батырды жолдас қылған талай мықты, Жағынан мағриптің бұлт шықты («Қисса Зияда, Шаһмұрат». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).