БАЗ

lat: BAZ

«сол, әлгі, қайтадан, біресе», «сол қалпында», «адамның бір нәрсеге әуестігін, құмарлығын, қызығуын білдіретін жұрнақ». Бірінші мағынасы қазақ фольклорлық шығармаларында «өзіне бэз келді» (қайтадан өзіне келді, есін жиды), «арада баз бес жыл өтті» (арада қайтадан бес жыл өтті) тәрізді сөздермен берілген. Екінші мағынасы қазіргі тілдік қолданыста, «баз баяғы», «баз қалпында» тәрізді тіркестер арқылы беріледі. Ал жұрнақ ретінде өнерпаз, құмарпаз, ізденімпаз т.б. сөздердің құрамында кездеседі.