парсы тіліндегі мағынасы «сауда-саттык орны». Қазақ фольклорлық шығармаларында «саудасы қызған базар» деген ұғымды білдіретін «базардың бөзі» тіркесі кездеседі. Қазақ тілінде «қуаныш, қызық, думан» (өмірдің базары, балалы үй базар т.б.) деген ауыспалы мағынада да қолданылады. Оңтүстік Қазақстан говорында «базар күні» тіркесі «жексенбі» мәнінде қолданылады.