БАЗЕЛЬ КОНВЕНЦИЯСЫ

lat: BAZEL KonvensıaSY

қауіпті қалдықтарды шекаралардан тасымалдау мен пайдаға асыру жөніндегі көпжақты (71 мемлекет пен Еуропалық экономикалық қауымдастық, Ресей 1992 жылдан) келісім (1989, Базель, Швейцария). Конвенцияның тізімінде қалдықтарды трансшекаралық тасымалды барынша қысқарту және олардың көлемін, улылығын азайту мақсатымен, дамушы елдерге улы, қауіпті қалдықтарды пайдаға асыруда көмек көрсету мәселелері қарастырылған.