БЕДЕРЛ1

lat: BEDERL1

с ы н. 1. Бедері бар, нақышты, өрнекті, оюлы .


Жұмыр немесе жалпақ күмістің бетіне бедерлі ернеулі ұя жасалып ақ, көк, қызыл, жасыл түсті асыл тас көздер орнатады.Шобай, Қаз. ұранқай. қолөнері).

Енді мына жәрмеңке комитетінің қазақ иісі сасыған үйін де уақытша кабинет-сымаққа айналдырылған кең бөлмеге келіп, қалтасынан тіс шұқуышын алып, жапырақ бедерлі қызғылт шытпен тысталған имек аяқ кішкене диванға отыра беріп еді, есік қағылды.Аманшин, Көкжар).

Мағрипа үстінде үй ішіне киетін бедерлі атлас халат соншалық мүсінді (3.Қабдолов, Өмір үшқ.).

2. а у ы с. Ерекше, көркем.

Осы спектакльде айтпай кетуге болмайтын бір бедерлі бейне бар. Ол - контролер Балапан («Қаз. әдеб.»).

Әдебиет адамгершілік негізге құрылған, бедерлі бейнелер жасап, тосын тақырыпты биік суреткерлік деңгейде орындап шыққан (М.Мағауин, Мен).