lat: BEGEMOT
[көне. евр. behemoth] з а т. з о о л. [грек. hippopotamus amphibius].
Сусиыр. Бегемоттар, пілдер, киіктер Европа мен Азияның солтүстігінен оңтүстігіне қарай ығысып қашты (А.Машанов, Жер асты.).
Алматыда папам мені зоопаркке апарушы еді. Сонда пілді,бегемотты көргенмін (З.Асабаев, Ар соты).
Аузы апандай, Азуы бақандай,
Өзі шөккен тау - Бегемот мынау (Т.Әбдірахманова, Білесің бе?).