БЕЙУАҚЫТ, БЕЙУАҚ

lat: BEIÝAQYT, BEIÝAQ

(пар. биуақт بيوقت) мезгілсіз.

Отырғанда бейуақыт , Бізді ұстап алмасын! («Қарадөң батыр және ұрпақтары». Ақсауыт. ІІ том. 1977).

Түзетіп бой-сипатты күн батқанша, Ентелеп бейуақытта келе жатты («Сыршы молда». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).

Беретұғын нәрсе жоқ, жүре бергін, Бейуақта қақсап тұрған неткен адам («Қисса хазірет Әлидің Сараң байды жолға салғаны». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық).