lat: BEIÝAQYT [ır.]
з а т. Мезгілсіз шақ, бейуақ кез.
Бейуақытта қақпаны тарсылдатып,
Эполетін, медалін жылтылдатып.
Осындайлар тыныштық бермеді ғой
Етегінен қылышын қылтылдатып (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Досым, мені сол сәтте таста жалғыз,
Жүрегіңе ренжіп, жасама мұз.
Ойым опат сондай бір бейуақытта
Бұлқан-талқан көңілде басталар күз (М.Мақатаев, Шығ.).
Бейуақыт болғандықтан ба, әлде жолдың жақындығынан ба, әйтеуір, шығарып салушылар тіптен аз еді (Т.Әлімқұлов, Ақбоз ат).