БЕЙІМ

lat: BEIİM

2. Ұқсас, сай.

Көл жатыр күміс шолпы, теңгедейін,

Өңірі жасыл орман, көлге бейім.

Күміс қанат құсыңды қондыр, ұшқыш,

Көкшенің бауырында дөңгелейін (М.Мақатаев, Шығ.).

Бахтияр башқұртқа бейім қара торылау келген Молланұрға тесіле қарады (М.Гумеров, Хазірет.).

Ұлытау, даңқың асқақ Күнге бейім,

Биікте күйік басып үлгерейін.

Ұмсынған ұлар құсым бауырыңда жүр,

Әдейі іздеп барып, бір көрейін (К.Салықов, Жезкиік).