lat: BEIİMDE
е т. Ыңғайлау, икемдеу, сәйкестеу.
Түзелер заман кейінде
Бұл сөзімді бейімде.
Кейінгі қалған ұрпақтар,
Заманға жақсы тұрақтар! (Қабан жырау, Алтын қазық).
Тоғайдан ағаш кесіп, оны шана табанына бейімдеп шауып, өзі жатқан Қаржау шалдың пешінің артына кептіруге сүйеп қойған (Д.Әбілев, Арман.).
Олар оны еркелеткен тәрізденіп, өз тілдеріне бейімдеп, «Доса», «Досажан» деп атайды (Б.Соқпақбаев, Жекпе-жек).