БЕЙІТ ЖАҢҒЫРТУ

lat: BEIİT JAŃǴYRTÝ

құлаған бейіт үстіне мазар, кесене, там, төртқұлақ т.б. салу немесе қалпына келтіру, жаңғырту. Дәстүрлі ортада бейіт жаңғырту ісіне кіріспес бұрынқұрбандық шалынып, Құран бағышталып, тиісті ғұрыптық шаралар атқарылады. Атақ-даңқы шыққан адамдардың ғана бейіті жаңғыртылып, көп реттерде аруаққа қозғау салынып, қайта тергеледі деген түсінікпен қарапайым адамдарға бейіт жаңғыртуға жол бере бермеген.