БЕЙНЕ

lat: BEINE

з а т. Кескін-келбет, түр-тұр- пат, тұлға. 

Азулы бейне ақ Барақ!

Содырлы, сойқан төлеңгіт

Елге қарай анталап,

Ашыл- ғанды таппады,

Ел етегін қымқырды (Дулат Бабатайұлы, Замана.).

Адамсыз қатарыңнан оза туған.

Перзентің ақ жібектен таза туған.

Шалқыған айдын көлдің ортасында,

Тап бейне бөтен емес қаз бен қудан (Кердері Әбубөкір, Қазағым).

Шешесі Биқасап Күрдебайдың бәйбішесі.

Бес биенің сабасындай тұлға, бейнесінде өзгеше адам (Б.Майлин, Шығ.).