БЕЙНЕ

lat: BEINE

а у ы с. Көрініс, кейіп, бедер.


Күлпаш осы ауыл бейнесіне байыпты қарап тұрып, планшеткадан дәптерін ала сала жазуға отырды (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).

Ауыл- үйдің, жақындардың, әсіресе Бөтестің бейнелерін көз алдыма келтіріп жатқанда қалай қалғығанымды білмей қаппын (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.).

Туған жер сұлу бейнең кетпес естен,

Мен сенің құшағыңда ерке өскем.

Сағынам жырым бүгін барып жетсін,

Батыстың самалымен шалқып ескен (С.Мөуленов, Таңд.).