lat: BEINE
ш ы л. 1. Секілді, сияқты, тәрізді.
Интернатта оқып жүр,
Талай қазақ баласы.
Жаңа өспірім, көк өрім,
Бейне қолдың саласы (Абай, Тол. жин.).
Жақсымен өткен мөжіліс
Бір сағаты бейне жыл.
Жаманның сенбе сөзіне,
Тайдырып кетер жіңішке қыл (М.Дулатов, Шығ.).
Қайғылы Ай, тұрсың көкте түсің қашып,
Қайғылы жер жүзіне нұрын шашып.
Жылжисың ақырын ғана қорыққан жандай,
Жүргендей жол таба алмай бейне адасып (М.Жұмабаев, Шығ.).