А.Байтұрсынұлының «Əдебиет танытқыш» еңбегінде алғаш рет қолданылған термин. Б. – бір нəрседе болмайтын күйді, екінші нəрседе болатын күйде көрсететін сөзбен айту үшін қолданылатын көрнекілеудің бір түрі. Ғалым терминнің негізгі сипатын атап өтеді де, оны тиіс ті мысалдармен көрсетеді. Басында бұл бидайдың дəні болмай, Кекірейіп көкке қарап бүлініп тұр деген жолдарда бейнелеуді анық көруге болады. Байтұрсынұлы ауысудың екі түрлі бола тынын айтады: 1) тіл ауысуы; 2) лұғат ауысуы. Автордың айтуынша, əдетті ауысу тілдікі болады да, ал айтушының сөзіндегі ауысу лұғаттікі болады. Лұғаттағы ауысуға жоғарыдағы мысалдарды келтіреді, ал тілдегі ауысуға суық жел, қызыл тіл, бақыт құсы, жын қаққан сияқты сөздерді жатқызады.