1. (Тау., Қош.; Шығ. Қаз., Зайс.; ҚХР) гүлді шөптің тамыры, оны адам жейді, дәмі картошка сияқты, үгітіліп тұрады, жұмсақ, бос болады. Ол таудан бек алып келді (Тау., Қош.). 2. (ҚХР) таулы жерде өсетін ақ гүлді, тамыры жеуге келетін көп жылдық өсімдік. Жағаға қонсақ іргеде бегі бар тамақ болатын (ҚХР). Генералды тапқанша бек қазап, сарана қайнатып жесем де осынау тілбермес бекіністі тауда кемді күнді өткізбеймін бе? (А. Қалиұлы.).