БЕКЕР

lat: BEKER

(пар. бикар بيكار)   

1. Бос жүріс, құр сенделу.

Бекер жүріп жаныңа обал қылма, һәлак болып қаларсың өзің, дедім («Шаһмаран». Бабалар сөзі. 2-том. 2004. 100 томдық).

2. Босқа, текке.

Құр жылаудан іс бітпес бекер , деді, Мәслихат қылалық бізлер, деді («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).

Бекер набыт болмасын, Күнәсіз адам өлмесін («Ер Шора» (Молда Мұса нұсқасы). Бабалар сөзі. 45-том. 2007. 100 томдық).

Бағаны көп кем етпе бекер қорқып, Патшасы тіллә беріп алып кетер («Қисса хазірет Әли разы Алла Анһудың шаһ Барбарға құл болып сатылғаны туралы». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық).

Бекер гәп бос сөз.

Өлді деген бекер гәп , Білемін тірі, шамасы («Болат, Жанат». Бабалар сөзі. 6-том. 2004. 100 томдық).

Бекер жала құрдан құр жала жабу.

Ата-анамнан бездірді, Бейкүнә бекер жаламен («Болат, Жанат». Бабалар сөзі. 6-том. 2004. 100 томдық).

Беп-бекер құр босқа.

Қайғырма, атам, беп-бекер , Ажал келсе өлерміз («Мұңлық-Зарлық». Ғашықнаме, 1976).

3. Бос әурешілік.

Ендіден соң “жеріме кетем” деме, Жібермеспін, әуара болма бекер («Шаһмаран». Бабалар сөзі. 2-том. 2004. 100 томдық).

Ғашық тәуір дегеннің бәрі бекер, Осы-дүр насихатым, балам, саған («Қисса Ләйлі Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).