БЕКЗАДА

lat: BEKZADA

з а т. 1. т а р. ә л е у м. Орта Азияның кейбір елдерінде және түркі тілдері мен түркі әлеуметтік ұйымдарының ықпалына түскен мұсылман Шығысында арнайы термин мағынасында ірі тайпа, ру басының немесе феодалдық әміршінің баласы.


Шығыстағы әлеуметтік-саяси және әкімшілік иерархияның басында бек отырған кезде термин болып енді. Бұл тұрғыда бекзада термині билік жүргізбеген, өз әкесінен өкімет басқаруды мирас етпеген ханның баласын білдіретін ұғылан немесе сұлтан терминдерімен мәндес (ҚСЭ).

Түнгі тәртіпті сақтаушы бекзаданы жандарына қосып, бұл істі сол басында тергеп бітіріп қайтуға, онда шешілмейтіндей болса, бәрін қазыға алып келуге жұмсады (С.Айни).

Тойыма келген патша, уәзірлер, бекзадаларды құр қайтаруға болмайды, қызметші қыздардың қолында бір-бір қалта алтын болмақ (Мың бір түн).

Қыстың күні еді. Үйде сол күні қасқыр қуып, аттары болдырып қалған бір-екі бекзадаларда бар болатын (І.Есенберлин, Қаһар).