БЕКЗАДА

lat: BEKZADA

(пар. бекзаде بيكزاده) ақсүйектің ұрпағы.

Жылайды енді бекзада , Күнәлі болып тұрса да («Қисса Әбушахма». Бабалар сөзі. 15-том. 2005. 100 томдық).

Қызметкерлер алдында әзір тұрды, Бекзада патшалармен бірге жүрді («Сейфүлмәлік». Қисса-дастандар, 1986).

Басын бекзадаға теңгеру қатты қадірлеп құрмет көрсету. Екеуіне у беріп өлтір, кемпір, Басыңды бекзадаға теңгерейін («Бозжігіт». Ғашықнаме, 1976).