lat: BEL
з а т. 1. а н а т. <лат. lumbus> Адам денесінің арқадан төмен, мықыннан жоғары жіңішке тұсы.
«Желіңіз бен беліңіздікі бір сабақтас науқас қой. Бойдан кете қоя ма?» депті (Ж.Аймауытов, Шғг.).
Дене әлсіздігіне, бел ауырғанда, аяқ-тізе дәрменсіздігіне: әлбұршақ, жаңғақ дәні, алақаттың әрқайсысын тең мөлшерде алып, ұнтақтап бір ретте 12 грамнан күніне 2 рет ішеді (Т.Мұсақұлов, Ботаника).
Құяң ауруына қарсы... табаға қыздырылған арпа, тары кебектерін кенеп, мата дорбаға салып белге басқан өте пайдалы (Е.Оразақов, Дәрігер.).
Басына түйме бөрік, белде кемер,
Жарқылдап қарулары оттай жанар.
Қыр мұрын, қынама бел өсем жігіт,
Көргеннің көзі тойып, мейірі қанар (Н.Ахметбеков, Амангелді).