БЕЛ

lat: BEL

жер бедерінің атауы. Жонда, қырқада, жалда, адырда т.б. болатын жадағай асу. Байырғы ортада ауылды биік те белді жерге жақын қондыруды дұрыс санаған. Ертеде көшпелі ортада мұндай орындар табиғи апат, зілзаладан сақтануға қолайлы жер ретінде, жаугершілікте төңіректі барлауға болатын мүмкіндігіне байланысты таңдалған. «Ауыл маңында бел болса, ерттеулі атпен тең, үйіңде қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген тұрақты тіркес осыған байланысты айтылса керек.