БЕЛБЕУ

lat: BELBEÝ

з а т. 1. э т н. Киім сыртынан белінен байлау үшін ыңғайлап жасалған ұзынша шүберек, ілмегі бар таспа тәрізді бұйым.

Былғарыдан жасалған белбеулерге алтын, күміс жабылған, оған әртүрлі салпыншақтар орнатқан, кейде күмістің өзінен өрмелеп, тоқып, шынжырлап та белбеу дайындаған (Р.Шойбеков, Қаз. зергер. сөздігі).

Белбеудің үшімен терін сүртіп, күрсінді. Кеше суат басында ойлай-ойлай басын даң қылған шаруа кемшілігі түгелімен қайтадан көз алдына келді (М.Дулатов, Шығ.).

Біреуі жылтыр қара сатин камзол киген, белінде қызыл мата белбеубалуан денелі шойқара, күрек тістері сояудай ақсиып тұрған, қоян жырық екен (Ғ.Мүсірепов, Кездеспей кет.).

Бір қыз бен бір жігіт белбеуді шиыршықтап есіп алып, жұртты аралап жүр (Б.Майлин, Шығ.).