БЕЛБЕУ ТАСТАУ

lat: BELBEÝTASTAÝ

з а т. о й ы н. Бозбала жастардың белбеуді жасырып ойнайтын ойыны.


Белбеу тастау ойынына жиналғандар дөңгелене шеңбер бойына отырады. Жүргізуші шеңбер сыртындағы белбеуді қолына ұстап жүгіре басып айналып жүреді де, өзінің көңіліне жақын ойыншысының артына білдірмей тастауға тырысады (Е.Сағындықов, Қаз. ұлт. ойын.).