БЕЛДЕУЛІ

lat: BELDEÝLİ

с ы н. 1. Белдеуі бар.

Өзек ішін қуалай түскен ақ белдеулі қоңырқай үйлер бір-бірінен іргесін қашықтатпай жақын-жақын жайғасыпты («Қаз. әдеб.»).

Қызыл шатырлы ақ шағаладай аппақ үйлер, одан соң қоңыр белдеулі, көз тұнар егіндік, одан әрі көк жота (С.Бақбергенов, Адам.).

2. Беліне жолақ салынған.

Артына аппақ із қалдырып теңізді тіліп өткен қызыл белдеулі қайықтарды көзімен ұзатып салып, Көкен әңгімесін бастады (З.Иманбаев, Солма. гүл.).

3. а у ы с. Белді, маңызды.

Өмірдің белдеулі оқиғасын түбірлеп көрсету жағын ақсатыңқырап алған (М.Қаратаев, Туған әдеб.).