lat: BELDEÝLE
е т. 1. Туырлық үстінен арқанмен бастыра байлау, киіз үйді айналдыра таңу.
Аңғар аузына қонған ауыл үйлерінің бәрін мықтап белдеулеп тастаған екен, жел қалай бұлқынса да мыңқ етер емес («Лен. жас»).
Бір үйдің белдеуінен екінші үйдің белдеуіне арқан керіп бүкіл ауылды арқанмен белдеулеп тастады (Қ.Қайсенов, Сол бір жыл.).
Басқұр мен туырлықтың астынан керегелердің бастарын белдеулейді (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).
2. Шыр айналдыра белуарына дейін үңгу, кеулеу.
Астыңғы жағын мал белдеулеп жеп, шоқиған шөптің ығында үш кісі сөйлесіп тұр (Б.Майлин, Шығ.).
Үй-үйдің айналасын қар күртігі белдеулей орап басып қалған (М.Хасенов, Алғашқы ән).
Бұлар Өскемен мен Ертіс аңғарын оңтүстік жақтан белдеулей қалқалаған үлкен қыраттың үстіне шыға келген еді (З.Ыбыраев, Өскемен.).
3. Белдеуге дейін көтерілу.
Екі машина бірінің ізімен бірі жүріп кетсе болғаны, атом ракетасы атылғандай бұрқыраған шаң аспанды белдеулеп әкетеді (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).
3. а у ыс. Таң сыз беріп, сібірлей бастауы.
Сол екі арада айнала жарық тартып, шығыс жақ белдеуленіп бозара бастады (А.Нұрманов, Құлан.).
4. а у ы с. Таң сыз беріп, сібірлей бастау.
Екі күн, екі түн тынбай жосыған жорық әр жылда бір келіп, ұрық шашар өзеніне бүрылғанда таң жаңа ғана белдеулеп келе жатыр еді (Ғ.Мүсірепов, Өмір.).