БЕЛОКТЫ

lat: BELOKTY

с ы н. б и о л. Ақуызы бар.

Мысалы, бұршақ тұқымдас өсімдіктер [беде, жоңышқа] мал үшін өте құнды белокты азық (Н.Рақышев, Күйіс малы.).

Белокты сүт өте бағалы, басқаша айтқанда, ақуыздар - белоктар организмді амин қышқылдарымен толық қанағаттандыра алады (З.Сейітов, Сүт. өңдеу.).