БЕЛСЕНДІ

lat: BELSENDİ

с ы н. Қажырлы, ынталы, жігерлі.

Жамбыл өнеріндегі негізгі бір идеялық әрекеті.Ысмайылов, Ақындар).

Оразбақ өзінің осы шабысында адал да белсенді еңбегімен бейбітшілік өмірді қорғамақ .Мұқанов, Шығ.).

2. Үздіксіз, тынымсыз .

Философиялық қағида, салдардың өзі әсер етілген заттың белсенді қатынасының нөтижесі (А.Қасымжанов, Диалект.).

Сыр жасауда микроорганизмдер белгілі бір заңдылықпен араласып отырып, белсенді қызмет атқарады.Шоқанов, Микроорганизм.).

Ақыл-ой әрекеті белсенді жүріп отырады.Жарықбаев, Психология.). /

т а р. Алдыңғы қатардағы тәжірибелі, озат адам.

Сағидолла ағайдың бір қасиеті өзі бастаған ісін тындырмай қоймайды және ауыл белсенділерінің бәрінен осыны талап етеді.Сатыбалдиев, Жартас.).

Ауылдың белсенділерін, комсомолдарын жинап алып колхоздың өндіріс жоспарын істеп жатқанбыз (Б.Майлин, Шығ.).

Осыдан отыз жыл бұрын мына тұрған әкең ауылдың белсендісі болатын (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті).

ж а ғ ы м с ы з. Орынсыз белсенділік жасаушы, асыра сілтеуші. Ғасырлар бойы халықтың рухани өмірінің өзегіндей болған домбыра мен қобызға кейбір «жаңашыл» белсенділер үрке қарады.Рсалдин, Ахмет Жұбанов).

Тұрман басын шайқап: - Сен өзің қып-қызыл белсенді боп қайтыпсың ғой (О.Сәрсенбаев, Сағым).

Біздің ауылда борсықша құйрық сорып, молдалық құруға көшкен кешегі белсенділер бар («Қаз. әдеб.»).