БЕЛСЕНДІЛІК

lat: BELSENDİLİK

з а т. 1. Кажырлылық, жігерлілік, еңбекқорлық.

Оқушыларының мынадай белсенділігіне Жәйтабар да ыразы сияқты (Н.Қазыбеков, Шалғайда.).

Анар жүрегі кейде жылы соққанымен сүйер жан тарапынан оншама белсенділікті байқамай басылады (А.Байтанаев, Қансонар).

Ол дәл бүгін белсенділігін басымырақ көрсеткісі келгендей (Қ.Исабаев, Ажал құрсауы.).

2. Ынталылық, жұмыла кірісушілік.

Осының бәрін ұйымдастыруда белсенділік, ұқыптылық көрсетіп жүргендердің бірі Сәдуақас еді (М.Ғабдуллин, Сұрапыл.).

Істелуге тиіс істі олар қайтсе де орындайды. Көбіне белсенділік көрсететіндер - Қалипа, Тұрар, Айсұлу (М.Сқақбаев, Қырық қыз).

Бізге бұған дейін еліміздің саяси өмірінде ешқандай белсенділік танытпаған, өздерін әлі таба алмаған адамдар келіп мүше болып жатыр (ТУГ).

3. п с и х. Салдардың өзі әсер еткен заттың белсенді қатынасының нәтижесі ретіндегі психологиялық, философиялық қағида. Белсенділік қажырлықты, ынталылықты, жігерлілікті, тынымсыздықты білдіредіаз. тілі термин. Педагогика.).

Орынсыз белсенділік және шығармашылық белсенділік түрлері болады (Қаз. тілі термин. Педагогика.)

4. п е д. Ойын, сабақ, еңбек күнделікті іс-әрекетте кездесетін міндеттерді шығармашылықпен орындай білу қабілеті. Тек белсенділік танытқан адамдар ғана мақсатқа жету барысында батылдық көрсетіп, қиыншылықты жеңіп шыға алады (Қаз. тілі термин. Педагогика.).

Күнделікті іс-әрекеттің ішінде шығармашылық ойындар баланың белсенділігін арттыруға ерекше мүмкіндік тудырады (Қаз. тілі термин. Педагогика.).