БЕЛСЕНДІЛІК

lat: BELSENDİLİK

тұлғаның іс-әрекеттегі функционалдық көрінісі. Ол субъектінің өзімен ұйымдастырылады, реттеледі және құрылымданады. Белсенділік бұл тұлғаның өз кажетгіліктерін, қабілеттерін, өмірге қатынастарын қоғамның қоятын талаптарымен үйлестіру негізіндегі тұлғаға ғана тән өмірді ұйымдастыру, реттеу және өзін-өзі реттеу тәсілі. Белсенділіктің қозғаушы күштері, құралдары, сыртқы талаптардың бірігу тәсілі тұлғаның ішкі құрылымына байланысты болады. Жоғары талаптану мен қабілеттердің төменгі деңгейінде бұл жүйе қайшылықты болады, ол тұлғадан белгілі бір күшті, ерік-жігер әрекетін немесе сыртқы көмекті қажет етеді. Сондықтан, белсенділік қалаулы мен қажеттінің, бар мен потенциалдының, жеке-дара мен типтіктің арасындағы қайшылықты тұлғаға тән шешу тәсілін білдіреді. Белсенділік психологияда белсенділік іс-әрекеттің динамикалық шарты оның пайда болу, орындалу және басқа түрге өзгеру, өздік қозғалыс қасиеті туралы түсінік. Тірі жандардың спонтандық кимыл-қозғалыс тудыруға және ішкі немесе сыртқы стимул тітіркендіргіштердің әсерімен өзгеріске ұшырауға қабілеттілігін түсіндіретін ұғым. Іс-әрекетті орындау барысында Белсенділік нәтижелілікке жетелейді. Белсенділік іс-әрекеттің мотивтеріне де тәуелді болады.