lat: BENTONIT
з а т. х и м. Вулкандық жыныстардың химиялық өзгеруінен пайда болатын, жасыл не сары түсті шөгінді саз.
Кесек руда дайындауда қолданылатын жоғары сапалы бентонит кейін өзімізде өндірілетін болады («Лен. жас»).
Бентонит бойына суды көп сіңіріп, көлемін ұлғайтады және иленгіштігі өте жоғары (ҚҰЭ).