БЕНЗИН

lat: BENZIN

[франц.benzine] з а т. Мұнайды өңдеуден алынатын түссіз, сұйық жанармай, қозғалтқыштар отыны.

- Өзі машинаның тұтқасын жаңадан ұстаған болуы керек, бензин насосының жұмыс істемей тұрғанын да сезбейді, - деп, Балташ мырс етті («Лен. жас»).

Смоланы арнаулы ыдысқа құйып, ауа қатыстырмай 300 градустан асыра қыздырып бензин, керосин тәрізді сұйық отын және машиналарда қолданылатын соляр майы өндіріледі (Химия өнімдерін.).